Еуроаймақ экономикасындағы өсім маусым айында күрт тежелді. Әсіресе 20 елдегі өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіші төмендеген, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Eurostat агенттігі бұл елдердің жалпы ішкі өнімі бірнеше ай қатарынан қысқарады деген болжам жасап отыр.
Қазір аймақтағы инфляция Еуропалық орталық банк белгілеген 2 пайыздық көрсеткіштен әлдеқайда асып кетті. Оны тоқтату үшін аталмыш банк пайыздық мөлшерлемені көтере бермек.
Алайда мұндай өзгерістер Франция мен Германияның экономикасына одан сайын кері әсерін тигізеді.