Еуро-2024: Испания жартылай финалға шықты

6 Шілде 2024, 02:33
446
Бөлісу:
Еуро-2024: Испания жартылай финалға шықты
Фото: sports.kz

Футболдан Еуро-2024 алғашқы ширек финалдың матчында Испания мен Германия құрамалары бақ сынасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үздікке лайықты үміткерлер жеңісті кім иеленетіндігі үшін барларын салып бақты.

Нәтижесінде Пиреней түбегінің командасы қарсыласын жеңіп, үздік екендіктерін дәлелдеді.

Бірінші таймда қарсыластар жеңіске бір табан жақындау үшін барын салды.

Германияның көшбасшысы Тони Кроос өз командасындағы ең тәжірибелі ойыншы болғанымен, айыппұл добы жақындағанда испандық қорғаушылар гол соғуына жол бермеді.

Екінші таймда алаң иелері 51-ші минутта алаңның түбінен асықпай шабуылды бастады. Нәтижесінде 1:0 есебімен шот ашылды.

Алайда Германия жеңіске жақын болғанымен сәттілік оларды айналып өтті. Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертайммен жалғасты. Матчтың 119-минутында испаниялық Микель Мерин жеңіс голын сыйлады.

Осылайша, Испания 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалдың алғашқы жолдамасын еншіледі.

Өзгелердің жаңалығы