Испания футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалына шыққан алғашқы құрама болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кілең аладоп жұлдыздарының басын қосқан Испания мен Франция кездесуі тартыс өтті.
Сондай-ақ жанкүйерді аты танымал Килиан Мбаппе мен жас жұлдыз Ламин Ямаль арасындағы кездесуді жанкүйерлері асыға күткені анық.
Ойын бірден-ақ шабуылмен басталды. Франциялық Килиан Мбаппенің әуелете берген пасын әріптесі Рандаль Коло Муаниге бағыттап, бір ұпай әкелді.
Алайда көп ұзамай испаниялықтар таразы басын теңестірді. Небәрі 16-жастағы Ламин Ямалдың алыстан бағыттаған добы Франция қақпасына дөп түсті. Ямал турнир тарихында ½ финалда гол салған ең жас ойыншы атанып отыр.
Осылайша ол аталған турнирдің тарихында 1/2 финалда гол соққан ең жас ойыншы атанды.
Ал 25-минутта испаниялық Дани Ольмо командасына тағы бір ұпай сыйлады.
Нәтижесінде Испания қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, 12 жылдан кейін финалға жолдама алды.
Айта кетерлігі, 11 шілдеде тағы жартылай финалда Англия мен Нидерланд құрамалары кездеседі.