EURO-2020: Италия чемпион атанды

12 Шілде 2021, 08:41
1997
Бөлісу:
EURO-2020: Италия чемпион атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италия құрамасы пенальти сериясында Англия құрамасын жеңіп, футболдан Еуропа чемпионы атанды, деп хабарлайды prosports.kz.

Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды, екі қосымша таймда гол соғылған жоқ.

EURO-2020 финалы Лондонның Уэмбли стадионында 12 шілдеге қараған түні өтті. 

Англия құрамасы Италия ұлттық құрамасына қарсы финалдық матчтің екінші минутында алға шықты. Италиялықтардың қақпасына голды Люк Шоу соқты. Бұл гол EURO-2020 финалы тарихындағы ең жылдамы болды. 

Матчтің 67-минутында Италия құрамасының орталық қорғаушысы Леонардо Бонуччи Англия құрамасының қақпасына гол соғып, есепті теңестірді. 

Матчтің негізгі уақытында есеп өзгерген жоқ. Құрамалар қосымша уақытта да ойын барысын өзгерте алмады. Матчтің нәтижесін пенальти сериясы шешті. EURO-2020 финалы матчтен кейінгі пенальтимен аяқталған жағдай тарихта осымен екінші рет болып отыр, бірінші рет 1976 жылы болған еді. 

Пенальти сериясында италиялықтар қарсыластың қақпасына 3 гол соғып, чемпионаттағы жеңісінен 53 жыл өткен соң Еуропа чемпионы атанды. 

Топтық кезеңде италиялықтар А квартетінде Түркияны (3:0), Швейцарияны (3:0) және Уэльсті (1:0) жеңып, тоғыз ұпай жинаған. 1/8 финалда олар қосымша уақытта Австрияны жеңді (2:1), ал келесі раундта Бельгиядан мықты болды (2:1). Пенальти сериясындағы жартылай финалда италиялықтар Испанияны жеңді.

Өзгелердің жаңалығы