EURO-2020: Англия құрамасы финалда

8 Шілде 2021, 10:56
2413
Бөлісу:
EURO-2020: Англия құрамасы финалда

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Футболдан Еуропа чемпионатының жартылай финалының кезекті ойыны өтті. Онда Англия құрамасы Данияны жеңді. Мачтың негізігі бөлігі 1:1 есебімен тең аяқталды.

EURO-2020 турнирінде Англия құрамасының қақпашысы Пикфорд қақпасына бірде-бір гол жібермей, ұлттық құрамасында рекордтық көрсеткішке қол жеткізген болатын. Алайда кешегі ойында Данияның жартылай қорғаушысы Миккель Дамсгор айып алаңынан соққан соққысы сәтті шығып, Англия құрамасының турнир барысындағы жіберген алғашқы голына әкелді.

Ағылшындар тоғыз минуттан кейін таразы басын теңестірді. Допты өз қақпасына Саймон Кьер жіберіп алды. Негізгі уақытта командаларда гол соғылған жоқ.

Матч тағдыры экстра таймда шешілді. Рахим Стерлинг айып алаңында құлап, төреші пенальти белгіледі. Алдымен Дания қақпашысы Питер Шмейхель Харри Кейннің тепкен соққысын қайтара алды, бірақ одан серпілген допты Кейн қақпаға енгізе білді. Осылайша, қосымша уақыттың көмегімен ағылшындар 2-1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, финалда ағылшындар Италия құрамасының футболшыларымен кездеседі. Матч 11 шілдеде «Уэмблиде» өтеді. Англия құрамасы тарихта алғаш рет футболдан Еуропа чемпионатының финалына шықты.

Өзгелердің жаңалығы