Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалы өз мәресіне жетті.
Соңғы екі ойында Англия құрамасы Украинадан, Дания, Чехиядан басым түсті.
Дания мен Чехия ойыны Бакудегі «Олимпиадалық» стадионда өтті. Кездесу 2:1 есебімен аяқталды.
Дания құрамасынан Томас Дилейни пен Каспер Дольберг мергендік танытты.
Чехияның бір голын Патрик Шик соқты. Ол сұрмергендер көшінде португалиялық Криштиану Роналдуды қуып жетті.
Екеуінде де бес гол.
Енді олар Украинаны ірі есеппен жеңген Англия құрамасымен кездеседі. Римдегі ойында Гарет Саутгейт шәкірттері Украинаға мүмкіндік қалдырған жоқ. Жауапсыз 4 гол соқты.
Команда капитаны Харри Кейн дубль жасаса, Харри Магуайр Джордан Хендерсон бір-бір голдан кіргізді.
Жартылай финалда Италия мен Испания, Англия мен Дания кездеседі. Алғашқы ойын 6 шілдеде өтсе, екінші 7 шілдеге жоспарланған.