Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырыста өзекті мәселелер қаралды

7 Маусым 2023, 20:24
579
Бөлісу:
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырыста өзекті мәселелер қаралды
PHOTO
Фото: Үкімет

Еуразиялық үкіметаралық кеңес қатысушыларының дәстүрлі бірлескен суретке түсу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Беларусь үкімет басшысы Роман Головченко Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустиннің қатысумен өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысында ЕАЭО аясында мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырыста өзекті мәселелер қаралды

Тараптар кең ауқымды мәселелерді, атап айтқанда, Климаттық күн тәртібіндегі іс-шаралардың бірінші пакетін іске асыру, интеграцияланған ақпараттық жүйені одан әрі дамыту және жалпы «цифрлық» ынтымақтастықты нығайту, электр энергиясының ортақ нарығын қалыптастыру аясындағы қадамдар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру шараларын талқылады.

Сонымен қатар Иранмен еркін сауда келісімін жасау жөніндегі келіссөздердің нәтижелері және басқа да бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Өзгелердің жаңалығы