Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл қағидалары бекітілді

26 Мамыр 2022, 09:31
1024
Бөлісу:
Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл қағидалары бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығымен бірлесіп, өнеркәсіптік тауарлардың Еуразиялық тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірледі.

Құжат тауарлардың жекелеген түрлерінің жасалып шығарылған елін айқындау ережелерін іске асыру мақсатында әзірленген. 

Айта кетерлігі, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде оларға қатысты өндіріс шарттары белгіленген мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларын мемлекеттік сатып алу кезінде аталған тауарлардың жасап шығарылған елі Еуразиялық тізілімнен ақпарат ұсынумен расталады.

ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, елдің сарапшы ұйымдары беретін акті немесе тауардың шығарылуы туралы сертификат тауарды Еуразиялық тізілімге енгізу үшін негіз.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөмірлері арқылы 8 (7172) 983-294, 8778 500 00 77 немесе e.duisebek@miid.gov.kz электрондық поштасына хат жолдауға болады.

Өзгелердің жаңалығы