Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуразиялық экономкалық одақ көлемінде интерграцияны дамыту үшін Бүкіл ресейлік аймақтарды дамыту банкі, Еуразиялық даму банкі және Белоруссия республикасының даму банкімен ынтымақсатық туралы төрт жақты меморандумға қол қойылды. Бұл туралы «Қазақстан даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Абай Сарқұлов айтты.
Оның айтуынша, Қазақстан даму банкі қаржы құралын тартудағы мемлекеттік бюджеттік қаражаттың үлесін азайту жолында жұмыстар жүргізеді.
Ішкі және халықаралық капитал нарықтарынан қаражатты қарызға аламыз. Пандемия алдында өткен жылдың ақпан айында теңгемен динаминацияланған тиімді пайызбен 62 млрд теңге сомасындағы қаражат тартылды. Жыл соңында Еуразиялық даму банкі және Қазақстан даму банкі арасында 5,72 млрд ресей рубілінің кередиттік шарты жасалды. Бұл еуразиялық экономикалық одақ аумағында бірлескен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар одақ көлемінде интергерацияны дамыту үшін Ресейдің даму банкі, Еуразиялық даму банкі және Белоруссия республикасының даму банкімен ынтымақсатық туралы төрт жақты меморандумға қол қойылды. Осылайша өткен жылы 542 млрд теңге қаражат тартылды, -деп атап өтті ол.
Абай Сарқұлов сонымен қатар банктің өткен жылғы көрсеткіштері мен жұмыстарына тоқталды.
Пандемия кесірінен экономиканың барлық салалары қиындық көрді. Дегенмен банк қызметінде өткен жылы ілгерілеу бар. Өткен жылы 506, 2 млрд өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымы инвестициялады, әлеуметтік экономикалық тартымдылығы жоғары 34 ірі жоба қаржыландырды. Өткен жылы Банк жалпы сомасы 195, 4 млрд теңгенің сегіз инвестициялық жобасы мен төрт экспорт операциясын қаржыландыруға мақұлдады, - деді ол.Сонымен қатар ол банктің кредиттік портфелі туралы ақпаратпен де бөлісті.
Өткен жылы банктің кредиттік портфелі 14 пайыз артып, 1 трлн 974 млрд жетті. Жыл басында банк клиенттердің әрқайсысына үшін дағдарысқа қарсы жеке жоспарлар дайындаған болатын. Бәйтерек холдингі құрылған сәттен бастап, Қазақстан даму банкінің кредитік портфелінің көлемі 5 2 есеге немесе 422 пайызға артты, - деді ол.Банк осы жылға оң қаржылық көсеткіштермен кіретінін атап өтті.
Өткен жылдың алдын ала нәтижелері бойынша Қазақстан даму банкінің таза кірісі 25,4 млрд теңгені құрады, меншікті капитал құрамы 516 млрд теңге, алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім 21 пайызды құрап отыр, - деді Абай Сарқұлов.