"Еуразия" бірінші арнасы бас директорының міндетін атқарушы Арман Құдайбергенов болды

Кеше, 18:15
104
Бөлісу:
"Еуразия" бірінші арнасы бас директорының міндетін атқарушы Арман Құдайбергенов болды

Сергей Киселев қызметінен кеткеннен кейін Арман Құдайбергенов "Еуразия" бірінші арнасы бас директорының міндетін атқарушы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін Құдайбергенов Арман Білімұлы 12 жыл бойы "Еуразия"бірінші арнасы бас директорының орынбасары қызметін атқарған.

Оның қызметіне кірісуі туралы шешім бүгін жарияланды. Естеріңізге сала кетейік, бүгін "Еуразия+ОРТ" ЖШС қатысушыларының кезекті жалпы жиналысы өтті, онда "Еуразия" бірінші арнасының бұрынғы бас директоры Сергей Киселевтің кетуі туралы шешім қабылданды.

Киселев 17 жылдық телеарнаны басқарғаннан кейін өз еркімен қызметінен кетуге шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы