Еліміздің қай өңірі етті көп тұтынатыны белгілі болды

23 Желтоқсан 2019, 20:06
4121
Бөлісу:
Еліміздің қай өңірі етті көп тұтынатыны белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың III тоқсанында елімізде жан басына шаққанда бір адам орта есеппен 6,6 келі ет жеген. 

Бұл туралы LS басылымы хабарлады.

Аталған басылым Қазақстан өңірлерінің қайсысы етті көп немесе аз тұтынғанын зерттеп көрген.

Қызық болғанда Шымкент етті ең аз тұтынатын өңір атаныпты. Арзан тағамдарға бай оңтүстіктегі қала тұрғындары жан басына шаққанда 4,2 келі ет тұтынған. 

Одан кейін Қызылорда (5 кг), Түркістан (5,1 кг) және Жамбыл облыстары (5,3 кг) тұр. Одан әрі СҚО мен Қостанай облыстары тұр. Ол өңірлердегі бір тұрғын бір айда 5,8 келі ет тұтынады екен.

Елордада бұл көрсеткіштер сәл жақсы – 5,9 келі, Ақтөбе облысында – 6,1 кг, БҚО – 6,5 келі. 

Ал етті ең көп тұтынатын өңірлер көшін Алматы облысы бастап тұр. Онда бір адам 8 келі ет тұтынады екен. Алматы қаласы – 7,9 кг, Қарағанды облысы -7,8 келімен алғашқы үштікті түйіндеп тұр, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы