Астана, BAQ.KZ тілшісі. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» басқарма төрағасы Әсет Тұрысов қазақстандықтарға электронды сандық қолтаңбаны алу үшін бір рет ХҚКО бару жеткілікті екенін айтты.
«Электронды сандық қолтаңбаны бір рет ХҚКО-ға барып алуды, мобильді үкіметке тіркелуді, телеграмм-ботқа қосылып, үйде отырып, ешқайда бармай-ақ қызметтерді алуды ұсынамын. ЭЦҚ-ны онлайн алу сұрағы бірнеше рет талқыланды. Сұрақ біз жауап беретін қауіпсіздік мәселесіне келіп тіреледі. Әрине, азаматтарға ЭЦҚ-ны онлайн алуды жеңілдеткіміз келеді. Сіздердің қауіпсіздіктеріңізге жауап береміз, не дегенмен қара ниетті адамдар бар. Сол себепті ХҚКО-ға бір рет бару қажет. Бұл біз үшін емес, бірінші кезекте азаматтар үшін керек. Бұл шынымен сіз екеніңізді, сіздің eGOV арқылы өтінім бергеніңізді растау үшін қажет. Сондықтан ЭЦҚ-ны алуды жеңілдету мәселесі зерттеліп жатыр», - деді Әсет Тұрысов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, ол бінде ЭЦҚ пайдалану мерзімін 1 жылдан 3 жылға дейін ұзартылғанын және ЭЦҚ-ны қолдану мерзімін онлайн ұзартуға болатынын айтты. Яғни, мерзімі бітуге таяғанда азаматтар сайтқа кіріп, тағы үш жылға ұзарта алады.
Назерке Абибулла