Бүкіләлемдік этноспорт форумы өтеді

9 Сәуір 2019, 13:45
2365
Бөлісу:
Бүкіләлемдік этноспорт форумы өтеді

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығы Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының «Рухани жаңғыру. Ұлттық спортты дамыту» ІІ Халықаралық этноспорт форумын өткізеді.

20-21 сәуір күндері өтетін айтулы жиынға әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен 150-ден астам этноспорт делегациясы, атап айтсақ бірқатар мемлекеттің спорт министрлігі басшылары, ұлттық спорт саласының майталмандары, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушылар мен төрешілер, спортшылар, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысады деп жоспарланған.

Форумда Дәстүрлі ойындар мен спорттарды әлемде дамыту, Қазақстанда өтетін І Бүкіләлемдік этноспорт ойындарын өткізу, Түркияда 2020 жылы ұйымдастырылатын IV Дүниежүзілік көшпенділер ойынын жетілдірудің жолдары және басқа да әлемдік этноспорт саласының өзекті мәселелері талқыланады.

Айта кетейік, аталмыш шараның өтуіне Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) де қолдау білдіріп отыр. Ал, халықаралық шараның Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.
Өзгелердің жаңалығы