Этномәдени бірлестіктер өкілдеріне арналған семинар өтті

17 Қазан 2020, 00:14
2128
Бөлісу:
Этномәдени бірлестіктер өкілдеріне арналған семинар өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдеріне арналған республикалық практикалық семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Б.Мажағұлов, ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Х. Ерсейітова, сондай-ақ республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Семинар барысында спикерлер ретінде ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрағасы А. Садвокасова, ҚХА кеңесінің мүшесі Ш.Исмаилов және «Возрождение» немістер қоғамы» ҚБ төрағасының орынбасары, жоба менеджері Е. Гизик сөз сөйледі.

Қатысушылар интермәдениеттілік теориясы және жанжалды жағдайлардың алдын алу бойынша оқытудан өтті, сондай-ақ әлеуметтік желілерде тікелей трансляциямен түрлі форматтағы онлайн-іс-шараларды ұйымдастыру бойынша мастер-класс өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы