Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізге шетелден қоныс аударған этникалық қазақтар кәсіпкерлерге берілетін грантты жеңіп ала алады.
Қандастар үшін қуанышты жаңалық! 8 тамыздан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грантқа Business.enbek.kz порталында өтінім қабылдау басталады,- деп мәлім етті «Отандастар қорының» баспасөз қызметінен.
Бизнеске арналған қайтарымсыз грант конкурсына қолдану мерзімі жарамды «қандас» мәртебесі бар азаматтардың қатысуына мүмкіндігі бар. Грант мемлекетке қайтарылмайды, сомасы - 400 АЕК.