Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанда өндірілетін ет ішкі нарықтың 87%-ын ғана жауып отыр. Нарықтағы импорттың үлесі - 14,5%.
Бұл туралы energyprom.kz порталы хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, соңғы үш тоқсанның қорытындысы бойынша елімізде 879,5 мың тонна ет тұтынылған, ал өзімізде өндірілген еттің көлемі 754 мың тонна. Нарықтағы импорттың үлесі - 14,5%. Ал экспорт бар болғаны 2%-ды құрайды екен.
Ет индустриясында Қазақстанның деңгейі әлі де әлсіз болып қалуда. Мәселен, импортты шұжықтар отандық нарықтың 38% құрайды екен, ал экспорт жалпы өндірістің 1% деңгейінде, - делінген агенттіктің мәліметінде.
Сонымен қатар, етті өңдеу мен сақтау күші де төмен. Етті сақтау орындарының күші 38,7%-ды ғана қамтиды.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығындағы еті жеуге жарамды жануарлардың деградациясы байқалған. Үш жыл ішінде орташа жүктеме күші 77,2% дан 33%-ға дейін қысқарған.