Эстонияда Абай мен әл-Фараби бейнесіндегі маркалар шықты

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эстонияда Абай мен әл-Фарабиге арналған пошта маркалары жарық көрді.</h4>

 27 Қыркүйек 2020 2020, 05:41
27 Қыркүйек 2020 2020, 05:41
2144

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эстонияда Абай мен әл-Фарабиге арналған пошта маркалары жарық көрді.

Қазақстанның Эстониядағы елшілігі қазақ ақыны және ағартушысы Абайдың 175 жылдығына және түркі философы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті, - делінген ведомствоның Telegram-дағы парақшасында.

Эстонияның мемлекеттік пошта операторы Eesti Post қазақстандық маркаларды алғаш рет басып шығарып отыр. Марка дизайны ағылшын тілінде, ұлы ойшылдардың мерейтойымен үйлесімді стильде жасалған.

Наверх