Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жариялады.</h4>

3 Желтоқсан 2019 2019, 17:35
АВТОР
 3 Желтоқсан 2019 2019, 17:35
3 Желтоқсан 2019 2019, 17:35
2852

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жариялады.

4 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Ертең Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ сақталады. Нұр-Сұлтан қаласында 4 желтоқсанда тұман түсіп, көктайғақ болады. 4 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатып, көктайғақ болады. Күндіз оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтқан еді.


Наверх