Биыл алғаш рет Жетісу өңірне қарасты Ескелді ауданында Көктөбе жазғы лагері балаларға қызмет көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жаз бастала жазғы лагерге демалуға мүмкіндік алған балалардың қуанышында шек жоқ. Қазір облыстық білім басқармасы аудан-аудандарда балаларға арналған арнайы демалыс орындарын ашып жатыр. Мұның тиімділігі көп. Мәселен алыс ауданда орналасқан оқушылар облыс орталығына сабылмай өз ауданында еркін демала алады. Оның үстіне бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болып, бірлесе жұмыс істейді.
Біз оқушыларға тек дамалыс қана беріп қоймай, түрлі интеллектуалды ойындарды қатар ұйымдастырып отырмыз. Оқушылар жазғы демалысын қызықты һәм білімге жақын өткізу үшін арнайы мамандар қызмет көрсетеді. Тамақпен толықтай қамтамасыз етілген. Оқушыларға өзінің талабына қарай түрлі жарыстарға қатысып, бағын сынайды. Бір-бірімен тату-тәтті бола жүріп, ұжымдық имунитет қалыптасады. Жазғы лагерь аяқталғанда бір-бірін қимай қоштасқан оқушыларды көреміз, - дейді облыстық білім басқарамасының басшысының орынбасары Әли Сұлтанбеков.
Бүгінде лагердің бірінші ауысымына білім мекемелерінің 120 оқушысы бүгінгі таңда жолға шықты. Барлығы 477 әлеуметтік осал топтағы оқушылар 4 ауысымда жазғы демалыспен қамтылады.
Жазғы лагер біз үшін үлкен мүмкіндік. Жыл бойы оқыған біліміміздің нәтижесі іспетті көңіліміз жадырап қалады. Жаңа достар, түрлі ойындар, спорттық шаралар бәрі-бәрі өте қызықты. Лагерді қимай қоштасамыз. Мен биыл екінші рет лагерге баруға мүмкіндік алдым. Ұстаздарыма дән ризамын. Шынымен керемет қой. Біз жаңа әлемнің есігін ашқандай боламыз. Ізденеміз, бір-бірімізді қанаттандырамыз. Тәртіпті өмір сүреміз, - дейді 7-сынып оқушысы Аслан Алтайов.