Астанада Бас прокуратурада Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Есірткімен күрес бойынша қандай нақты қадамдар жасалып жатқаны баяндалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жиынға мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ЕҚЫҰ, DEA), дипломатиялық өкілдер мен ҮЕҰ қатысып, есірткімен күрестегі жаһандық сын-қатерлер мен бірлескен шешімдер талқыланды.

Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, елімізде есірткіге қарсы жүйелі саясат жүзеге асырылып жатыр. Бұл – есірткі арналарын жою, криптовалюта арқылы жасалатын схемаларды бұғаттау, халықаралық серіктестікті кеңейту, жазаны қатаңдату және заңнаманы реформалау шараларын қамтиды.
Есірткімен күрес бойынша қандай нақты қадамдар жасалып жатыр?
• Соңғы 5 жылда тәркіленген синтетикалық есірткі 13 кг-нан 1,5 тоннаға дейін өскен.
• Биыл 9 ұйымдасқан қылмыстық топ, оның ішінде 3 трансұлттық топ жойылды.
• 111 есірткі арнасы жабылды (оның 19-ы халықаралық).
• 10 млрд теңгеден астам қаражаттың жолы кесілді.
• Kaef-Mafia секілді ірі есірткі желісі жойылып, 6 млн доллар криптовалюта бұғатталды.
• DEA-мен бірлескен тергеу нәтижесінде 500 мың транзакция анықталып, 70 млрд теңге көлеміндегі халықаралық қылмыстық схема әшкереленді.
• 24 адам ұсталып, 18-і қамауға алынды.
Заңнамалық реформалар аясында есірткі өндіргендерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды. Ал "жасырып кетушілерге" жеңілдетілген жаза қаралып, 328 адам босатылды, 2600-ден астам сотталушының жазасы қысқартылды.
Берік Асылов цифрлық есірткі саудасының жаңа шындық екенін айтып, мұндай қауіппен күресте барлық сала күш біріктіруі қажет екенін жеткізді.