Есірткі тасумен айналысқан 17 жастағы студент 7,5 жылға сотталды

7 Тамыз 2024, 11:02
429
Бөлісу:
Есірткі тасумен айналысқан 17 жастағы студент 7,5 жылға сотталды
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Ол Қарағанды көшелерінде есірткі жасырып жүрген жерінен ұсталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағанды политехникалық колледжінің 17 жастағы 3-курс студенті 2023 жылдың сәуір айында курьер болып жұмысқа орналасқан. Ол Қарағанды көшелеріне есірткі орамдарын жасырып жүрген. Әр орамасына 2,5 мың теңгеден алған.

2023 жылдың қараша айында есірткі таратып жүрген кезінде ер адамды полиция қызметкерлері ұстады. Жасөспірімнің сөмкесі мен қалтасынан психотроптық зат (мефедрон) бар 11 орама пакет табылды. Жасөспірім психотроптық заттың аналогын өткізу мақсатында басқа адаммен алдын ала сөз байласу арқылы электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы адамдар тобымен заңсыз сақтады деп айыпталды (ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1), 3), 5) тармақшалары бойынша).

Айыпталушының кінәсі – куәлардың, полиция қызметкерлерінің айғақтарымен, куәгерлермен, сараптамалардың қорытындыларымен, салынған орамдардың фотосуреттері табылған ұялы телефонды тексерумен, куратормен хат алмасумен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді.

Жаза тағайындау кезінде сот назарға алды:

- аса ауыр қылмыс санатына жататын және жоғары қоғамдық қауіпті білдіретін іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін,
- сотталушының жеке басы, оның мінез-құлқын,
- жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар (сотталушының кәмелетке толмаған жасын, кінәсін мойындау және жасаған қылмысына өкінуін, оң мінездемелерін), ауырлататын факторлардың болмауын;
- тағайындалған жазаның сотталғанды түзетуге және жаңа қылмыстардың алдын алуға әсерін.

ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі 1),3),5) тармақшасының 3-бөлігі мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Айыпталушы айыпты деп танылды және оның кәмелетке толмаған жасын ескере отырып, ол 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы