Есірткі қолданудың алдын алу ғылыми дәлелдерге негізделуі тиіс - ғалым

18 Ақпан 2025, 11:14
507
Бөлісу:
Есірткі қолданудың алдын алу ғылыми дәлелдерге негізделуі тиіс - ғалым
Фото: BAQ.KZ архив

Білім алушылардың есірткіні қолдануының алдын алу бойынша білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру Ұлттық ғылыми-практикалық институты "Есірткіні қолданудың алдын алу жөніндегі халықаралық стандарттар" тақырыбында оқыту өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған 100 адам қатысып, олардың арасында оқу ұйымдарының психологтары және психологиялық қолдау орталықтарының қызметкерлері бар.

Оқу барысында қатысушылар алдын алу саласындағы зерттеулердің нәтижелерімен және дәлелдемелерге негізделген алдын алу шаралары мен саясаттарының негізгі сипаттамаларымен танысты. Бұл шаралар есірткі заттарын қолданудың төмендеуі немесе жойылуында оң нәтижелерге қол жеткізген.

Халықаралық зерттеулер көрсеткендей, есірткі қолданудың алдын алу ғылыми дәлелдерге негізделуі тиіс. Бұл тек ақпарат беру ғана емес, сонымен қатар психоактивті заттарды қолдануды төмендету немесе жоюда тиімділігі дәлелденген әдістерді қолдану да маңызды, - деп атап өтті "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру Ұлттық ғылыми-практикалық институты" КЕАҚ ғылыми-зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері Сәуле Касимова.

Өзгелердің жаңалығы