БҒМ Шымкент университеттерінің бірінде табылған есірткі притоны жайлы түсініктеме берді

21 Шілде 2019, 12:37
2085
Бөлісу:
БҒМ Шымкент университеттерінің бірінде табылған есірткі притоны жайлы түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан Facebook желісіндегі парақшасында Шымкент қаласында табылған наркопритон жайлы түсініктеме берді.

"Достар! Қазақстандық БАҚ-та жедел іс-шаралар жүргізу барысында Шымкент қаласындағы университеттердің бірінің спорт кешенінде наркопритон анықталғандығы туралы жаңалық жарияланған болатын. Аталған факті бойынша бұл жекеменшік жоғары оқу орны және оқу орнында мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылмаған", - деп жазды Ерболат Мұхамеджан Facebook-тегі парақшасында.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта орын алған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Атап айтқанда, ҚР ҚК-нің "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сол сияқты дәл сол мақсаттар үшін үй-жайлар беру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.



Өзгелердің жаңалығы