Есірткі егумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Бүгiн, 16:03
153
Бөлісу:
Есірткі егумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: Қызылорда облысының прокуратурасы

Есірткі егумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ағымдағы жылы Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен 2022-2023ж. аралығында Қызылорда облысы аумағында есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды.

Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды.

Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамауда.

Тергеу аяқталды. Іс құжаттарымен танысу процесі жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы