Жамбылдық полицейлер есірткі дайындаушыны ұстады

17 Қазан 2019, 18:26
2048
Бөлісу:
Жамбылдық полицейлер есірткі дайындаушыны ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Табылған есірткі затының салмағы 12 келі 420 грамды құрады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Биылғы жылдың 13 қазанындағы кешкі мезгілде "Көкнар-2019" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұрын сотты болған 49 жастағы Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғынынан бір қап кептірілген марихуана есірткі затын тәркіледі", - делінген хабарламада.

Есірткі дайындаушы Меркі ауданының Тәтті ауылы маңындағы "Тәтті-Сарықоба" құмды аймағына жақын жерде ұсталды. Табылған есірткі затының салмағы 12 келі 420 грамды құрайды.

Күдікті кінәсін мойындап, Меркі аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 296- бабының 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 


Өзгелердің жаңалығы