Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша Департаменті аймақтық есірткі арнасында есірткі заттарын жеткізуді ұйымдастыруға қатыс бар Б.Исмайловтың (1973 ж.т.) заңға қайшы іс-әрекетін әшкереледі.
Атап айтқанда, жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Тараз қаласының тұрғыны Б.Исмайловтың тарату мақсатында аса көлемді «гашиш» есірткі затын Ақтөбе қаласына жеткізу бойынша пиғылы анықталды - делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.
2019 жылы 09 қазанда аталған тұлғаның қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесу мақсатында 2,3 кг гашиш алумен бірге, Б.Исмайловты ұстау жүзеге асырылды.
2020 жылы 16 қаңтарда Ақтөбе облысының қылмыстық-іс бойынша мамандырылған ауданаралық сотының үкімімен Б.Исмайлов ҚР ҚК 297 т. 3б. бойынша кінәлі деп танылды. Және қатаң режимді түзеу мекемесінде жазасын өтеу үшін 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.