Тараз, BAQ.KZ. Кептірілген марихуана лақтырмақшы болған азамат ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/7 Түзеу мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлері түскен мәліметтерге сәйкес, жедел іздестіру-шаралары барысында үйінде кептірілген марихуана сақтаған азамат құрықталды.
"Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас поселкісі Б.Момышұлы көшесінің тұрғыны Аладин Сулейманов бұл затты ЖД-158/7 мекемесінің негізгі қоршауы бойынша лақтырмақшы болғандықтан сақтағанын мойындап отыр" - делінген хабарламада.
Тексеру барысында бұл азаматтан өсімдік тектес,
жасыл түсті, ерекше иісі бар зат табылды. Жүргізілген сот-химиялық сараптама
қорытындысы бойынша, аталған зат
салмағы 1 кг 80 гр «кептірілген
марихуана» екендігі анықталып отыр.