Есірткі алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды

24 Қыркүйек 2019, 08:18
1451
Бөлісу:
Есірткі алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

«20 қыркүйек күні сағат 11.30-дар шамасында «Жібек жолы" кеден  бекетінде Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметкерлерімен бірлесе жүргізілген тексеру барысында шекара бекетінде Тәжікстан азаматы Х.А. ұсталды», - делінген таратылған ақпаратта.

Ведомствоның мәліметінше, ол Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстаннан Ресейге өтпекші болған. Кедендік тексеру кезінде "Ынтас" және "Рига" есімді қызметтік иттердің тінту, іздеу жұмыстары нәтижесінде күмәнді заттар табылған. Бұдан кейін кешенді инспекциялық іздестіру аппараты іске қосылған. Қызметкерлермен бірге күмәнді заттардың жасырынған жері анықталып,  Kabut Afganistan R.C.C.деген жазуы бар 12 кг құрайтын 12 қалта табылды.

Экспертизалық жұмыстар көрсеткендей қалталарда 12 кг есірткі болған. Осындай оқиға,  29 маусым күні Атамекен кедендік бекетінде орын алған болатын. Онда автокөлігінен жалпы салмағы 1 929.09 гр құрайтын есірткі заттар табылған Тәжікстан азаматы ұсталған еді.

Өзгелердің жаңалығы