Есіл өзені қаншалықты таза?

17 Қыркүйек 2020, 14:58
5048
Бөлісу:
Есіл өзені қаншалықты таза?
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Есіл өзені қаншалықты таза? Бүгін «Қазгидромет» РМК өкілдері елордадан өтетін өзеннен сынама алды. 

«Қазгидромет» РМК зертханасының басшысы Ерлан Оразалиннің айтуынша, мұндай сынамалар ай сайын алынып отырады. Алайда осы жолғы шара Дүниежүзілік суды мониторингілеу және талдау күніне байланысты өткізіліп отыр. 

ац7.jpg

Бүкіләлемдік суға мониторинг жүргізу күні 2003 жылдан бастап жыл сайын 18 қыркүйекте аталып өтеді. Бұл мереке адамзат баласының өзен, көлдердің, жалпы су ресурстарының мәселелеріне назарын аударту, сондай-ақ, оны аялауға шақыруға үндейді.  

ац1.jpg

Осы мереке аясында «Казгидромет» су сынамаларын алу мен оны зертханада қалай тексерілетінін көрсетті. 

ац4.jpg

Өзеннен алынған суды мамандар зертханаға алып келді. Мұнда оның құрамы, зиянды заттардың бар-жоғы анықталады. Бақылау 60 көрсеткіш: өлшенген заттар, ерітілген оттегі, сутегі көрсеткіші, магний, кальций, хлоридтер, сульфаттар, биогендік және органикалық заттар, ауыр металдар, пестицидтер және тағы басқалар бойынша жүргізіледі Зертханашының айтуынша, бұл өзендердің флорасы мен фаунасы үшін маңызды. 

ац2.jpg

ац3.jpg


Зертхана басшысының айтуынша, елордадан өтетін Есіл өзенін өндіріс орындары, зауыттар сияқты ластаушы факторлар жоқ. Ол таза су қоймаларының бірі болып саналады.

ац16.jpg

ац11.jpg

ац10.jpg

Оны құрамы әдетте бірқалыпты. Зиянды заттар мөлшерінің асып кетуі жағдайы соңғы жылдары тіркелмеген. Әдетте ластаушылар – тұрғындар. Алайда әлеуметтік желі де, не болса өзге де ақпарат көзінен өңірдегі су қоймаларының ластануы фактілері жайлы дерек естісек, бірден сол жерге аттанып, сынама алып тұрамыз. Ондай жағдай жуықта болған. Әлеуметтік желіде біреу Есілдің құрамында химиялық заттар асып кетті деген сынды бейнеролик түсірген. Тексеру барысында бұл факт расталмады. Ал расталған жағдайда мұндай деректер Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне жолданады, - дейді Ерлан Оразалин.  
ац17.jpg

ац9.jpg

Айта кетейік, 2019 жылы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің тапсырмасымен халықтың қоршаған ортасының жай-күйі туралы экологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның жерүсті суларының сапасы бойынша https://maps.hydromet.kz интерактивті картасы әзірленді, онда Қазақстанның су объектілерінің әрбір нүктесі қандай сапа класына жататынын және қандай көрсеткіштер бойынша нормативтерден асып кететіні байқалатынын білуге болады.

ац14.jpg

ац20.jpg

ац21.jpg

ац18.jpg

ац23.jpg



Өзгелердің жаңалығы