Есіл өзеніне 250 мың балық шабағы жіберілді

19 Қыркүйек 2024, 20:52
330
Бөлісу:
Есіл өзеніне 250 мың балық шабағы жіберілді
PHOTO
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Астана қаласының Орталық саябағы маңында Есіл өзеніне Зеренді балық питомнигінде республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырыс аясында өсірілген 250 мың балық шабағы жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Балық жіберуге Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің, Астана қаласы әкімдігінің, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми ұйымның, С.Сейфуллин атындағы ҚазҰАТУ студенттерінің және Астана тұрғындарының өкілдері қатысты.

Есіл өзеніне 250 мың балық шабағы жіберілді

Табиғи су қоймаларындағы балық ресурстарын сақтау және тұрақты пайдалану мақсатында, сондай-ақ Астана тұрғындарының демалуына рекреациялық жағдайлар жасау мақсатында жыл сайын балық жіберу жұмыстары жүргізіледі.

Есіл өзеніне 250 мың балық шабағы жіберілді

Айта кететін жайт, балық шаруашылығы кәсіпорындары қазан айының соңына дейін Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл және Есіл бассейндерінің су қоймаларына тағы 15 млн балық шабағын жіберуді жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы