Ешқандай кедергі жоқ – Тұрсынбекова

21 Қазан 2022, 19:19
1070
Бөлісу:
Ешқандай кедергі жоқ – Тұрсынбекова

Президенттікке кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үміткер штабтың жұмысын БАҚ өкілдеріне таныстырды. 

Негізгі күшті әділдік пен әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге, балаларды, әйелдерді, қарттарды және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау мен қолдаудың тиімді және нақты тетігін құруға бағыттамақ.

Штаб жұмысын 5 күн бұрын кеттік. Мұнда 10 адам жұмыс істейді. 20 өңірде штабымыз құрылды. Ешқандай кедергі жоқ. Қызметкерлер таңнан кешке дейін жұмыстардың бәрін жоспарлап, ретімен өткізетін болады, — деді Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова.

Үміткер кесте бойынша өңірлерге шығып, жұмысымызды бастаймыз деп отыр. Негізі 20 өңірді аралау жоспарда бар. Десе де, оның бәрі уақытқа байланысты екендігін тілге тиек етті.

Өзгелердің жаңалығы