Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Премьер-министр facebook-тегі парақшасында жазды.
Белсенділік танытып, сұрақ қойып жатқандарыңызға алғыс білдіремін. ҚР Премьер-министрі Кеңсесіне қойылған әрбір сұрақ пен көтерілген әрбір проблеманы мұқият зерделеуге тапсырма бердім. Өкінішке қарай, жұмыс бабына байланысты сіздердің барлық сұрағыңызға жеке жауап бере алмауым мүмкін. Десе де, ешбір өзекті сұрақ жауапсыз қалмайтынын және оларға құзырлы органдар міндетті түрде жауап беретінін жеткізгім келеді, - деді Смайылов.
Айта кетейік, Премьер-министр 2 сәуір күні facebook әлеуметтік желісінен ресми парақша ашқан еді.