Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Есептегіш көрсеткіштері әлі телефонмен жолданады — Премьер цифрландыру туралы

Олжас АДАЙ
Кеше, 11:55
341
Бөлісу:
 Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында қазақстандықтардың өмірінің барлық саласына цифрлық шешімдерді енгізу қажетін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Компаниялар жаңа прототиптерді ұсынумен ғана шектелмей, оларды логикалық аяқтап, тәжірибеде қолдануға жеткізуі тиіс. Цифрландыру экономика мен күнделікті өмірден бөлек дамымауы керек, керісінше, олардың ажырамас бөлігіне айналуы қажет. Бізде озық IT-шешімдер бар, бірақ сонымен қатар ескірген тәсілдер де сақталып отыр. Мысалы, қазақстандықтар әлі күнге дейін есептегіштердің көрсеткіштерін телефон арқылы жолдайды, – дейді Премьер-министр.

Оның сөзінше, мұндай өзектілігін жоғалтқан бизнес-процестер тұтас салаларда байқалады. Атап айтқанда, құрылыс саласында BIM-модельдер енгізілмеген, бұл тиімді жобалау мен басқару мүмкіндіктерін шектейді. Сондай-ақ өндірісте роботтандыру баяу жүріп жатыр, ал ауыл шаруашылығында серпінді IT-шешімдерді енгізу қарқыны төмен.

Осыған байланысты уәкілетті органдар экономикаға нақты нәтиже беретін практикалық цифрлық шешімдерге басымдық беруі қажет. Сонымен қатар заманауи қауіп-қатерлер мен төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған құралдарды әзірлеуге ерекше назар аудару керек, – деп түйіндеді ол.

Өзгелердің жаңалығы