Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ержан Максимнің отбасы Ресейге көшу туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлады.
Ержанның анасы Гүлмира Әлібектің айтуы бойынша, Ресейге бүкіл отбасымен бірге көшеді.
Оның сөзінше, Ресейге қоныс аудару Ержанның оқуына байланысты екен. Олар Мәскеуде бес жыл тұрмақ.
«Ержан Игорь Крутойдың музыкалық академиясында оқитын болады. Онда пәтер жалдап тұратын боламыз. Қазір ұлым Евровидениеде өнер көрсетуге дайындалып жатыр», - деді анасы.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық жас әнші Ержан Максим 24 қарашада Польшаның Гливице қаласында өтетін «Junior Eurovision 2019» байқауына қатысады.
Оралдық жас әнші Ержан Максим Мәскеуде өткен «Голос. Дети» байқауында жеңіске жеткен болатын.