Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

65 келіде қырғыз боксшысын 3:2 есебімен жеңген Ертуған Зейнуллинов Моңғолиядағы Азия чемпионатында кемі қола жүлдені қамтамасыз етті.

 ҚР ҰОК Бүгiн 2026, 16:51
Бүгiн 2026, 16:51
123
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финал жолдамасы үшін өткен жекпе-жекте ол Қырғызстан өкілі Mirzokhid Imamnazarovпен кездесті.

Үш раунд қорытындысы бойынша Ertugan Zeinullinov төрешілердің 3:2 есебіндегі бөлек шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, ол турнирдің кем дегенде қола жүлдесін қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бүгін кешкі сессияда шаршы алаңға Valentina Khalzova (75 келіге дейін) мен Aibek Oralbay (90 келіден жоғары) шығады.

Наверх