Ертісбаев: Скандинавиялық социализм құрамыз!

10 Наурыз 2023, 21:40
1160
Бөлісу:
Ертісбаев: Скандинавиялық социализм құрамыз!
Фото: exclusive.kz

Бұл туралы Қазақстан халық партиясының мүшемсі Ермұхамет Ертісбаев КТК телеарнасының тікелей эфирінде өтіп жатқан саяси партиялар арасындағы пікірсайыс кешінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Дебат» сөзі француз тілінен аударғанда «дау» дегенді білдіреді. Бірақ мен ешкіммен дауласқым келмейді. Біздің партияда барынша құнды нәрсе – социализм идеясы бар. Қандай социализм деп сұрауларыңыз мүмкін. Мысалы, скандинавиялық социализм! Норвегияда небәрі жарты ғасыр бұрын Солтүстік теңізде мұнай мен газдың ауқымды қоры табылды.  Қазіргі таңда әр норвегиялықтың арнайы шотында орта есеппен 200-308 мың евро бар. Велосипед ойлап табудың қажеті жоқ, - деді Ермұхамет Ертісбаев теледебатта. 

Сонымен қатар ол халықты нақты өзгерісті күтіп отырғанын алға тартты. 

Кімге дауыс берсеңіздер де өз еркіңіз. Тек азаматтық парызыңызды өтеңіз, - дейді партия мүшесі. 

Еске сала кетейік, КТК телеарнасында биылғы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялар арасындағы пікірсайыс кеші өтіп жатыр. Оған жеті партияның өкілі қатысуда.

Өзгелердің жаңалығы