Ертіс өзеніне су босату шаралары аяқталып қалды

11 Мамыр 2024, 06:50
449
Бөлісу:
Ертіс өзеніне су босату шаралары аяқталып қалды
Фото: Астана телеарнасынан

Павлодарда өзеннің жоғары жағында орналасқан қоймалардан су босату шаралары 7 мамыр күні аяқталған. Қазіргі уақытта жайылмалардың 78 пайызын су басып үлгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаева хабарлады.

Шығыс Қазақстандағы қоймалардан су босату шаралары аяқталды. Су жіберу кезеңіндегі жалпы судың көлемі 6,7 шаршы шақырым болды. Облыстың оңтүстік бөлігінде өзен суы арнасына қайта бастағаны байқалады, ал солтүстік, яғни төменгі жаққа су әлі келіп жатыр. Қазіргі уақытта бүйірлік ағындардың күшейе түсуіне байланысты Үлбі мен Оба өзендерінен су босату жалғасып жатыр. Бұл қос өзеннен Ертіске қазір секундына шамамен 1700-1750 метр су келіп жатыр. Жалпы биыл өзен жайылмасының 85 пайызын су басады деген болжам бар. Қазір бұл көрсеткіш 78 пайыз болып отыр, - деп мәлімдеді басқарма басшысы.

Облыс аумағында қазіргі уақытта шыбын-шіркейге қарсы улау жұмыстары ғылыми топтың ұсыныстары бойынша толық штатта жүргізіліп жатыр.

10 сәуірден Ертіске Шығыс Қазақстандағы қоймалардан су жіберіле бастаған болатын.

Қазіргі уақытта ол аяқталу мерзіміне жетіп қалды.

Өзгелердің жаңалығы