Ертіс өзенінде екі адам суға батып кетті. Бірінің денесі табылды. Екіншісін іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іздестіру жұмыстарына Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының 5 сүңгуірі жұмылдырылды. Осыған байланысты құтқарушылар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
Суға түскен кезде жеке құтқару құралдары болуы қажет. Қараңғы уақытта және қолайсыз күн райы кезінде су жағасына баруға тыйым салынады.