Ертіс өзенінде балықшылар қайықтан аударылып кетті

Ертіс өзенінде аударылып кеткен балықшыларға ТЖМ құтқарушылары көмек көрсетті.

 pixabay.com 1 Тамыз 2025 2025, 21:06
1 Тамыз 2025 2025, 21:06
886
Фото: pixabay.com

Бүгін Павлодар қаласындағы Ертіс өзенінде балық аулау кезінде резеңке қайық аударылып қалды. Қайық ішінде екі ер адам болған. Оқиға жағалаудан шамамен 200 метр қашықтықта орын алған, деп хабарлады BAQ.KZ.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жетті. 1985 жылғы балықшылардың бірі жағаға өз бетімен жүзіп шыққан. 1975 жылғы екінші азаматты құтқарушылар судан аман-есен жағаға алып шықты.

Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.

Суға шыққан кезде қауіпсіздік шараларын сақтап, құтқару желетін кию қажет. Ауа райы тұрақсыз болған жағдайда аса мұқият болған жөн, - деп ескертеді ТЖМ.

Наверх