Ертіс өңірінің полицейлері жыл басынан бері із-түссіз жоғалған 24 адамды іздеп тапты

Бүгiн, 21:22
112
Бөлісу:
Ертіс өңірінің полицейлері жыл басынан бері із-түссіз жоғалған 24 адамды іздеп тапты
Фото: polisia.kz

Павлодарлықтардың полицияға жоғалып кеткені туралы хабарламалар күн сайын түсіп жатады, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселен, 24 шілдеде полицияға ұлының жоғалып кеткені туралы арызбен анасы жүгінді. Ол екі күн бұрын 48 жастағы ұлы үйден кетіп қалып, әлі оралмағанын айтты. Өз бетімен іздеу нәтиже бермеді, үмітсіз әйел тәртіп сақшыларынан көмек сұрады. 

Жоғалған адамды іздеуге полицияның жеке құрамы мен берілген күштер тартылды. Байланысқан адамдары және оның баруы мүмкін жерлер пысықталды. Іздестіру шараларына еріктілер тартылды. 

Іздестіру іс-шаралары барысында 31 шілдеде полицейлер көрші мемлекетте Барнаул қаласында хабар-ошарсыз кеткен адамды тапты. Белгілі болғандай туыстарымен жанжалдан кейін ер адам үйден кетіп, 10 күн бойы байланысқа шықпаған, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция іздеу бөлімінің бастығы Қуандық Қасымов. 

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының полиция қызметкерлері жоғалған 24 адамның орналасқан жерін анықтап, үйіне қайтарды. 

Жоғалған туысын іздестіру туралы арызбен құқық қорғау органдарына уақтылы жүгіну және басқа да сыртқы белгілерді дәл сипаттау оның сәтті оралуының кепілі. Полиция адамның жоғалып кеткені туралы және бұл тәртіп оған тән емес екендігі туралы неғұрлым ертерек білсе, соғұрлым жақсы болады, - деп түйіндеді спикер. 

Павлодар облысының полиция қызметкерлері егер жақындарыңыз жоғалып кетсе дереу полицияға “102” нөмірі бойынша хабарлауға шақырады. Көшеде және қоғамдық орындарда жалғызбасты адамдарға, әсіресе балалар немесе қарт адамдар қиындыққа тап болса полицияға хабарласыңыз.

Өзгелердің жаңалығы