Ертіс өңірінде «орман тоңазытқышын» құру басталды

2 Наурыз 2022, 00:18
1447
Бөлісу:
Ертіс өңірінде «орман тоңазытқышын» құру басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл мемлекеттік орман қоры аумағында 350 гектар аумаққа қарағай көшеттерін отырғызылмақ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар обдыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы мәлімдеді.

Биыл кешенді жоспарға сәйкес басқармаға қарайтын орман қорғау мекемелерінің мемлекеттік орман қоры аумағында 350 гектар аумаққа 2 миллионнан астам қарағай көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Бүгінгі таңда мекемелер орман тоңазытқыштарын құру бойынша жұмысты бастап кетті. Олар биіктігі 1,5 метрге дейін жететін жоғарыдан шөптермен немесе үгінділермен жабылған қар үйінділерін жасауда, – делінген хабарламада.

Олар көшеттерді дұрыс сақтау және тамыр жүйесінің ылғалдылығын ұстап тұру үшін қажет. Сонымен қатар, орман тоңазытқышы вегетативті процесті баяулатуға, көшеттерді өсіру басталғанға дейін тамырлануына жол бермейді.

Өзгелердің жаңалығы