Ертіс өңірінде орақ науқаны қызу жүріп жатыр

30 Қыркүйек 2024, 16:13
302
Бөлісу:
Ертіс өңірінде орақ науқаны қызу жүріп жатыр
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

Ертіс өңірінде орақ науқаны қызу. Қазіргі уақытта 1 млн 406 мың гектарлық алқаптың 56%-нан өнім алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл астық егілген аумақ 928 мың гектардан асқан. Жалпы өнім 915 мың тонна бидай. Ал орташа өнімділік гектарына 11 центнерден келеді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Есентай Мұрсәлімовтің айтуынша, өңірдегі элеветорлардың барлығы астық қабылдауға дайын.

Облыста бидай өңдеуге арналған алты элеватор бар. Сонымен қатар жалпы сыйымдылығы 912 мың тонна болатын қоймалар әзір тұр. Астық кептіру құрал-жабдықтары бар. Олар тәулігіне 50 мың тоннаға жуық бидайды кептіруге қауқарлы. Күзгі дала жұмыстарына арзандатылған жанар-жағармайдың 31 тоннасы бөлінді. Өткен жылға қарағанда шаруалардың сұранысына орай дизель көлемі 1,9 мың тоннаға ұлғайды. Арзандатылған отын мен газ астықты кептіру жұмыстары үшін де бөлінді, - дейді Есентай Мұрсәлімов.

Мамандардың айтуынша, биыл өсімдік шаруашылығын қолдауға мемлекеттік бюджеттен 7,5 млрд теңге қарастырылған. Жергілікті жауапты мекеме ауыл шаруашылығы министрлігіне қосымша 3,9 млрд теңге бөлуге өтініш жолдаған. Қаражат тұқым, басым ауыл шаруашылығы дақылдары мен пестицидтер бойынша субсидиялауға қажет.

Облыста бидай егетін негізгі бес аудан бар. Бұл аймақтар өңірдің астық қорын қалыпатстырады. Егін ору бойынша Ертіс және Тереңкөл аудандары көш бастап тұр. Өзге аудандар бақша, картоп дақылдары, көкөніс бойынша алда келеді. Күзгі дала жұмыстары кезең кезеңмен жүріп жатыр. Ауа райы қолайды болып отыр. Жұмыстардың барлығын қазанның бірінші жартысында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Майлы дақылдар, әрине, кештеу жиналады, - дейді Есентай Мұрсәлімов.

Өзгелердің жаңалығы