Ертіс өңірінде 140 бизнес-жоба қолдау тапты

30 Мамыр 2024, 16:44
591
Бөлісу:
Ертіс өңірінде 140 бизнес-жоба қолдау тапты
Фото: автордан

Павлодар облысында жыл басынан бері 140 жаңа бизнес-жоба мемлекеттік қолдауға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары шеңберінде бизнесмендердің шығындары субсидияланады. Биыл жалпы сомасы 28,3 млрд теңге болатын субсидиялау келісімшарттарына қол қойылды.

Мемлекеттік бағдарламаның көмегімен өңірде жеңіл өнеркәсіп, пластикалық хирургия сияқты бағыттар қарқынды дамуда. Қолдауға ие болғандардың қатарында жартылайфабрикаттан цехын ашқан аспаз Василий Пуль бар. 32 жастағы жігіт пандемия кезінде мейрамханадағы жұмысынан айырылып, өз ісін дөңгелетуді шешкен.

Жобаның ерекшелігі сол, өнімдердің барлығы адам қолымен жасалады. Сондықтан, тұрақты тұтынушылар легі қалыптасқан.

Мәнті, тұшпара, қайнақшалар, чебуректер әзірлейміз. Барлығын өзіміз жасаймыз. Бұл – 100% отандық өнім. Жартылайфабрикаттарға қажет ет, сүт, ұн, көкөніс – барлығы өзіміздікі. Күніне 100 келіге дейін өнім шығарамыз. Жуырда құрал-жабдықтар сатып алдық. Енді өнім түрлерін кеңейтеміз. Сонда өндірістік қуаттылығымыз бірнеше есе артады. Ең бастысы, жартылайфабрикаттар үйдегідей дәмді. Өнімді тұтынушыға жедел жеткізу мақсатында мобильді қосымшаны да іске қостық. Бұл өте ыңғайлы, - дейді кәсіпкер.

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры облыстық филиалының бас менеджері Мадина Баденованың айтуынша, биыл әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған «Үміт» бағдарламасы іске қосылды.

Бағдарлама бойынша кәсіпкерлер 100 млн теңгеге дейін енсие ала алады. Міндетті талап – оқу курстарынан өту. Қорда бизнесмендерге арналған төрт модуль бойынша тегін курстар іске қосылды, - дейді М.Баденова.

Өзгелердің жаңалығы