Ертіс өңірінің төрт мыңға жуық медицина қызметкері үстемақымен қамтылды

24 Шілде 2020, 14:13
1551
Бөлісу:
Ертіс өңірінің төрт мыңға жуық медицина қызметкері үстемақымен қамтылды
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге үстемақы төлеу жалғасын табуда.

Облыстағы медициналық сқатандыру қоры өкілдерінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың маусым айында еліміз бойынша 53 мыңнан астам медициналық жұмыскерге үстемақы төленді. Ал Павлодар облысының наурыз айында 1500-ге жуық сала маманына үстемақы берілді.
Үстемақы алып жатқан ақ желеңділердің қатары ай сайын артып отыр. Олар қауіпті жұмысқа жұмылдырылған. Наурыз айында олардың саны 1441 болса, бүгінгі таңда аурумен күрес жолында алдыңғы шепте 3712 маман еңбек етуде. Наурыз айында үстеміқа төлеуге 143 млн. теңге бөлінсе, маусым айында бұл сома 716 млн. теңгеге өсті, - дейді облыстағы қор директоры Нұрлан Қасымов.

Еске салсақ, эпидемиологиялық жағдайда қауіпті жұмысқа тартылған мамандарға жалақыларына 2212 мың теңгеден 850 теңгеге дейін үстемақы қарастырылған.

Айта кетейік, қазіргі таңда Павлодар облысының емханалары мен отбасылық амбулаторияның жанынан мобильді топтар жасақталған. Олардың халыққа қызметі тегін жасалады. Бүгінде өңірде 117 мобильді топ жұмыс істеп жатыр. ЖРВИ белгілері анықталып, дене температурасы көтерілген жағдайда әр азамат аумақтық емханалардың көмегіне жүгіне алады.
    

Өзгелердің жаңалығы