Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ертіс өңірінде қаңтар айында 44 заңсыз аң аулау оқиғасы тіркелді

30 Қаңтар 2019, 16:50
2467
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Павлодарлық полицейлер қаңтар айы ішінде заңсыз аң аулау бойынша 44 фактіні анықталған.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады pavlodarnews.kz.

«Жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен патрулдеу кезінде Ертіс ауылынан шыға берістегі далалық аймақта ВАЗ маркалы автомашинаны басқарған 36 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Автомашинаның салонын және жүк бөлігін тексеру кезінде полицейлер 2 қоян және ТОЗ-34 маркалы 2 қосауыз тегіс ұңғылы қару және 11 дана оқ-дәрі тәркіленді. Аңшыда өзімен бірге қарудың және аңшылыққа шығуға тиісті құжаттары болмаған», - деді баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша ер адам ҚР ӘҚБК 484-382 баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, 2019 жылдың қаңтар айы ішінде полиция қызметкерлерімен барлығы 44 заңсыз аң аулау фактісі анықталды. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБК 382-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы