Ертіс-Баян өңірінің тарихи тұлғалары жайлы 25 фильм жарық көрді

13 Желтоқсан 2019, 07:27
2939
Бөлісу:
Ертіс-Баян өңірінің тарихи тұлғалары жайлы 25 фильм жарық көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің қатысуымен "Ертіс-Баян өңірінің 100 тарихи тұлғасы" жобасының екінші кезеңінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Достық үйінде өткен шараға көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек ері Олжас Сүлейменов, облыс әкімі Болат Бақауов, композитор, меценат Ерұлан Қанапиянов және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғаббас Бектұров сияқты елімізге танымал қоғам қайраткерлері, өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты.

Кезекті 25 фильмнің бірі белгілі тұлға Олжас Сүлейменовке арналған. Тұсаукесерде көпшілікке ақын Олжас Сүлейменов, ағартушы-ұстаз Мұсахан Қанапиянов туралы жеке фильмдер көрсетіліп, қалған фильмдерге жалпы шолу жасалды.
Құрметті қонағымыз Олжас Сүлейменов жобаның маңыздылығы мен құндылығының жоғары екендігін атап өтті. Өз кезегінде облыс әкімі Болат Бақауов қонаққа дәстүрге сай шапан жапты, - делінген ПМПУ баспасөз хабарламасында.
Еске салайық, Ертіс-Баян өңірінің 100 тарихи тұлғасына арналған қысқаметражды фильмдер жобасы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті қабырғасында іске асуда. Фильмдердің идея авторы және жобаның бас жетекшісі – ПМПУ ректоры Алтынбек Нұхұлы. Алғашқы 25 фильм 2019 жылдың сәуір айында жарыққа шыққан болатын.

Өзгелердің жаңалығы