Ертіс өңірінде жүрек ауруларына шалдыққандар оңалтудан тегін өтуде

27 Ақпан 2020, 18:36
1627
Бөлісу:
Ертіс өңірінде жүрек ауруларына шалдыққандар оңалтудан тегін өтуде
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде жүрек ауруларына шалдыққан азаматтар МӘМС аясында тегін оңалтудан өту мүмкіндігіні ие. Бүгінде медициналық сақтандыру бойынша 50-ден астам сырқат ем-дом қабылдауда.

Медициналық сақтандыру аясында оңалтудан өтіп жатқан азаматтар - миокарда инфарктісін алғандар. Бүгінде олардың аяққа тұрып кетулеріне облыстық кардиохирургиялық орталықта бар жағдай жасалған. Мамандардың айтуынша, сырқаттар физиопроцедуралардың барлық курсын алады. Сонымен қатар, емдік дене шынықтырумен шұғылданып, психологиялық қолдау көрсетіледі. Қызметтердің барлығы тегін.

МӘМС аясында еліміздің кез келген азаматы оңалтудан өте алады. Біздің мақсатымыз - мүгедектікке жол бермей, сырқаттың еңбекке қабілеттілігін қайтару. Емдеудің негізгі курсына медикаментозды коррекция, физиопроцедуралар, дене шынықтыру мен психологтан кеңес алу кіреді, - дейді оңалту бөлімінің меңгерушісі Сәния Апсеева.

Павлодардағы санатаориялық-курорттық типтегі алғашқы оңалту клиникасы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына да қызмет көрсетеді.

Жалпы, облыста жыл сайын қалыпқа келтіру емдеу мен оңалтуға инфаркт алған 1600 пациент зәру. Оңалту бөлімі ашылғалы бері1230 сырқат денсаулығын жақсартып алған. Олардың басым бөлігі - еңбекке қабілетті тұрғындар. Бүгінде олардың барлығы жұмыс орындарына оралған.

Айта кетейік, МӘМС аясында облыстық ауруханада жамбас және тізе буынны протездеу шаралары қолға алынған. Көз аурулары бойынша сақтандыру шеңберінде 100-ге жуық ота жасалған.

Өзгелердің жаңалығы