Сенаторлар Ертіс ауданының тұрғындарымен жүздесті

5 Наурыз 2019, 22:50
1473
Бөлісу:
Сенаторлар Ертіс ауданының тұрғындарымен жүздесті

Астана, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаттары Манап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов Павлодар облысының Ертіс ауданында болды, деп мәлімдейді Сенатының Баспасөз қызметі.

Олар Северный кентіндегі мәдениет үйінде жұртшылық өкілдерімен, орта мектеп пен дәрігерлік бекет ұжымымен кездесті.

Сенаторлар кездесу барысында Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде алға қойған міндеттері, оның ішінде балаларға берілетін жеңілдіктерді көтеру, көпбалалы отбасылардың жағдайын жақсарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері туралы әңгімеледі.

Тұрғындар Ертіс стансасы арқылы кедендік өтуді қалпына келтіру, сумен қамтамасыз ету тарифін реттеу және басқа да өзекті мәселелерді көтерді. Депутаттар сондай-ақ шекара күзетінің қызметкерлерімен де кездесті.

Өзгелердің жаңалығы