Ертіс ауданында 24 пәтерлі үш үй пайдалануға берілді – Павлодар облысы

17 Желтоқсан 2020, 00:30
1121
Бөлісу:
Ертіс ауданында 24 пәтерлі үш үй пайдалануға берілді – Павлодар облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғашқы қоныс иелеріне пәтер кілттері Тәуелсіздік күні табысталды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа баспанаға медицина қызметкерлері, педагогтар, полиция қызметкерлері және т.б. ие болды.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов ауыл тұрғындарын қоныс тойымен және Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Ертіс ауылында екі қабатты үш үйдің тапсырылуының арқасында аудан бойынша тұрғын үй кезегі 30%-ға қысқарғанын атап өтті.

Құрылысшылар жұмысты уақытында тапсырып, Ертіс ауылының тұрғындарының көңіл-күйін көтеріп тастады. Барлық жаңа қоныстанушыларға мықты денсаулық тілеймін. Туған өлкеңіздің және бүкіл еліміздің игілігі үшін бұдан әрі де еңбек ететіндеріңізге сенімдімін, - деді өңір басшысы.

Жаңа екі қабатты үйлердегі пәтер кілттерін көп балалы отбасылар да алды.

Ертіс ауылында үш 24 пәтерлі үйден тұратын кешен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша салынған. Аудан орталығының тұрғындарына пәтерлер кейін сатып алу құқығымен жалға беріліп отыр.




Өзгелердің жаңалығы