Астана қаласы әкімдігі елордалық автобус жолаушыларымен жағымды жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы сенбіде, 10 тамызда жаңа № 62 бағдар өз жұмысын бастайды.
Бағдар «Үркер» және «Отау» шағын аудандары арасында жүреді. Бағытқа 15 автобус қызмет көрсетеді, қатынау жиілігі 11-20 минут болады. Қозғалыс сызбасын CTS Instagram парақшасының Tаplink-те көруге болады. Жыл соңына дейін тағы да бағдарлар іске қосу жоспарлануда, - делінген хабарламада.
Бағдар:
- «Отау», «Үркер» шағын аудандарында қоғамдық көліктің қызметін жақсартуға;
- Қ. Мұхамедханов, Сарайшық көшелері мен Р. Қошқарбаев даңғылын тура жүретін бағдармен қамтамасыз етуге;
- №№ 7, 11, 18, 43, 45, 47, 49, 52, 54, 56, 66, 71, 80 бағдарларының жүктемесін азайтуға ықпал етеді.